Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғибратты ғұмыр иесі

Ғибратты ғұмыр иесі

Ұзақ жасаудың сыры есіл еңбек пен уайымсыз ой және жайлы өмірде деп түсінетін 106 жастағы Тәжігүл әжеміз бүгінде ауданға қарасты Аралқұм ауылында тұрады. Төреғұл атамыздың тіккен шаңырағын шайқалтпай, өмірге әкелген 9 баланы аяқтандырған алтын құрсақты анамыз өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы, ауыл-аймақ үшін кеудесі қазынаға толы естелік хат іспетті.

Әжемізден тараған ұрпақтар бүгінде бір қауым елге айналып отыр. Яғни, қазіргі таңда 9 баладан 37 немере, 70 шөбере және Айдар есімді бір шөпшегі бар. Тәжігүл әжей тылда тер төккен, одан кейін де Райым колхозында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек етті.

Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған Тәжігүл әже бүгінде теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің осынау ғибратқа толы ғұмырының жүз төртінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
06 наурыз 2020 ж. 953 0