Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуағын шашқан, шаттығы асқан шаңырақ

Шуағын шашқан, шаттығы асқан шаңырақ


Қашанда қарттарын қазынаға балаған қазақ халқы солардың баталарының арқасында көгеріп-көктеген, өсіп-өркендеген. Бүгінгі біздің әңгімеге арқау болғалы отырған әулет расында өсіп-өнген, өріс кеңейіткен мерейлі отбасы. Жапырақ жайып, мәуелі баққа айналған осы әулеттің отағасы Төреғұл Қожаев сонау 1921жылы осы Аралдағы Көкарал өңірінде жарық дүние есігін ашқан. Ал, ол жанның өмірлік серігі болып, 70 жыл отасқан жары Тұрғанбай Шәріпқызы Қожаева анамыз 1931 жылы дүниеге келген.
Алдымен осы әулеттің тірегі Төреш атамыз жайында айтсақ. Төреш деп отырғанымыз Төреғұл атамыз. Шын есіміне қарағанда әкеміз үшін Төреш атты есім әлдеқайда үйреншікті болып қалған. Себебі, күні бүгінге дейін оны білетіндер Төреш деп атап келді. Ол Кеңес үкіметі тұсында аудандағы салық саласында салықшы болып абыройлы қызмет етті. Жастық шағы соғысыпен тұспа-тұс келді. Алайда,  денсаулығына жарамсыздығына байланысты  майдан шебіне бара алмады. Осылайша, бала болып ойнап-күлмеген, жас болып желпінбеген кейіпкеріміз тылда еңбек етіп, майдан шебіндегі замандастарына рухани демеу болды. Әкесінен 14 бала өмірге келсе де осы күнге жету тек Төреш әкемізге бұйырыпты. Өмірге келген сол 14 бауырдан  Төреш атамыз қалып отыр. Жалғыз бауыры (апасы) Шәкеннен төрт бала өмірге келіп, бүгінде ағайындықтың өрісін ұлғайтуда. Ал, бір бауыры Өтеғұл Ұлы Отан соғысына аттанып, елге оралмай, хабарсыз кеткен. Осылайша, әке мен ананың үзілген үмітін жалғап, сөнбес сәулеге айналған Төреш атамыз жастайынан жесірліктің тауқыметін тартқан анасына көмекші болды, шаңырақтың қамқоршысына айналды.
Тынымсыз еңбек пен табандылықты қажет ететін оның жұмысы бір сәтке болсын тоқтаған емес. Екі-күнінің бірі тапсырмаға толы. Атамыз еңбек еткен жылдары Арал ауданы салық түсімі бойынша Кеңес үкіметінде екінші орынға, Қазақ ССР-да бірінші орынға шықты. Бұл дегеніңіз, ауданда сол замандарда қайнаған қызу еңбектің тоқтаусыз болғандығын көрсетеді. Осылайша, зейнет жасына жеткенше бір салада табан аудармастан тер төкті.Биылшуақтышаңырақүшінерекшежыл.Айтпақшы, отасқандарына кешегі тамыз айының 3-і Төреғұл атамыз бен Тұрғанай анамыздың шаңырақ көтеріп, бас қосқанына0жыл.Олардыңөмірі өзі естен кетпес естелік, ұрпақтары үшін айтып жүрер әңгіме. Кейіпкеріміз Шөміш елді мекеніне қарасты шағын ауылда туып өскен Тұрғанай анамызбен танысып, үйленер уақыт таяғанда ауылдан атан түйемен алып қашқан, қызды сол түйеге өңгеріп Шөміш станциясына тартып отырған Төреғұл көп кешікпей-ақ, сонда күтіп тұрған савхоздың жалғыз көлігіне отырып, сол түні Аралдан бір-ақ, шығады.
Әке тәлімімен есейген балалардың ең үлкені Мырзағұл ағамыз да ұзақ жылдар аудандағы қазіргі «Арал тынысы» (КАМХОЗ) мекемесінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Уақыт сынында жүріп шыңдала түскен кәнігі маманды бүгінде әріптестері де қиғысы жоқ. Әлі де өздерінің қатарынан көре бергісі келеді. Кейіпкеріміз Төреш атай да салық саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан соң мекеменің ұсынысымен 5 жылдай өзінің сүйікті мамандығы бойынша абройлы еңбек етті. Ұзақ жылдық еңбегі ескерілген кейіпкеріміздің алған марапаттары мен жеткен жетістіктері де жетерлік. Президенттің жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының әр жылдардағы мерекелік медалдарымен марапатталған. Мұнан бөлек, аудандағы қаржы басқармасының 90 жылдығы мерекесі қарсаңында мерекелік медаль алған. Төреш атайдың 70 жыл отасқан өмірлік серігі Тұрғанай әжей де еңбектің бел ортасында болған жан. Ұзақ жыл тігінші болды. Соғыстан кейін Аралда ашылған ателеде жұмыс істеп, бейнеті мен зейнетін көрген. Көрген қызықтары мен көкейге түйген құнды дүниелері бір кітапқа жүк болатын осы бір қарт қазыналардың қатар отырып, қуанышқа кенелуінің өзі Алланың сол әулетке есепсіз берген ризық-несібесі шығар.
Ұрпақ өсіріп, өнегелі әулетке айналған осы бір мерейлі отбасынан  қонақ арылған емес. Еске түсер елеулі күндерді былай қойғанда жай күндердің өзінде босағасынан қонақ арылмайтын құтты шаңырақтың қазіргі тату тірлігі көптеген жас отбасыға үлгі болатындай. Төреғұл ақсақал мен Тұрғанай анадан үш ұл, бес қыз өмірге келген. Олардың алды да бүгінде әр салада абройлы еңбек етіп, зейнеткер атанып отыр. Әулеттегі ұл-қыздың үлкені Мырзағұл ағамыз қазіргі уақытта қара шаңырақта. Одан кейінгі екінші ұл Мырзағали Аралдағы кеме жөндеу зауытынанзейнеткешығып, бүгінде  Алматы қаласында тұрады. Қызы Марал да өмірін ұстаздық салаға арнаған. Мұнан кейінгі қыздары Жеңіскүл мен Мадина әке жолын қуып, қаржы саласында еңбек етті. Олар да қазіргі уақытта зейнеттің зерлі шапанын иығына жапқан жандар. Тағы бір қызы Маржан осы кезге дейін білім саласында басшылық қызметте болды. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазіргі таңда Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Аралда тұратын Дина есімді қызы кәсіпкер. Төреғұл атайдың кенже баласы Қайрат та біршама басшылық қазметте болған. Қордай ауданының бас пракуроры болып,кейін қызметін атқарған. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық Прокуратурасының басқарма басшысы қызметінен отставкаға шыққан. Міне, осылайша еңбекке бас иген Төреғұл атамыздың ұрпақтары да бүгінде өсіп-өніп, жапырақ жайған бір-бір әулетке айналып отыр. Ата-ана үшін балаларының осындай өмір жолын көріп, одан қуаныш табуынан өзге бақыт жоқ шығар сірә. Бүгінде Қожаевтар әулетінің асыл қазыналарына айналған Төреғұл ата мен Тұрғанай әжейдің балаларынан тараған 24 немересі, 38 шөбересі бар.
Иә, қос ғасырдың кәугеріне айналған қос қазынаның бүгінгі өмірі осылай. Олар өзгелер үшін де тұнып тұрған тарих, шежіре толы көмбе. Осынау мерейлі отбасының мерейін тасытқан еселі еңбек пен қайырлы ұрпақ десек жарасатындай.
А.Қарасай.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 154 0