"Turkistan" телеарнасы іске қосылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық "TURKISTAN" телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ.
Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын назарларыңызға ұсынады. Атап айтқанда, "Salem" таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламасы, "Turkistan times" жаңалықтар топтамасы, "Ғибрат", "Әпсана", "Жан сарайы", "Бетперде" секілді көрерменге берері мол бағдарламалар да өз көрерменін күтеді.
massaget.kz