Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық 14 дарынды шәкірт "Елбасы медалінің" иегері атанды

Аралдық 14 дарынды шәкірт "Елбасы медалінің" иегері атанды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дарынды балалар мен жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» бағдарламасы аясында анықталған «Елбасы медалі» иегерлерін арнайы қабылдады.
Аудан басшысы қабылдау барысында ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген белсенді оқушыларға жүрекжарды лебізін білдіре келе: «Республика көлемінде өткізілген жобаға белсене атсалысқан оқушыларға және ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымды бiлдiремін. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс және жаңа бастамаларға сәттілік тілеймін», – деді. Сонымен қатар ауданымыздағы білім саласында қолға алынып жатқан ілкімді істерді атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі жүлдегерлерді марапаттап, естелік суретке түсті.
Атап өту қажет, аудан жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде 14 үміткер жүлделі «Қола медаль» иегері атанды.
Жалпы, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға арналған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Аталған бағдарламада әрбір жас қатысушылар үшін тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени, спорт және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау көзделген.


"Толқын" ақпарат
30 наурыз 2021 ж. 338 0