«Парасат жолы» тың бастама орталығы ашылды

Осы игі бастама аясында осы аптада Арал аудандық орталық кітапхана жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталығы ашылды. Сонымен қатар барлық ауылдық кітапханалар ашылу сәтіне ZOOM платформасы арқылы қатысып, өз орталықтарын ашты.
Орталықтың ашылу сәтіне Арал ауданының құрметті азаматтары Н.Оспанов, Ә.Әуезов, мәслихат депутаты А.Асанбаев, дін өкілі Н.Кеңесханов, аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Елешов және Ауған соғысының ардагерлері мен Жастар ресурстық орталығының мүшелері, білім, мәдениет саласының қызметкерлері және белсенді жастар қатысып, орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салды.
«Парасат жолы» жобасы – дер кезінде жасалған, өміршең жоба. Кітапханалардың басты мақсаты жастарды рухани тәрбиелеу болса, бұл жобаның кітапханалар тарапынан іске асырылуы өз жемісін берері анық. Аудан жастарын ізгілік пен қайырымдылыққа бастайтын жоба жұмысына орталық мүшелері сәттілік тіледі.
«Толқын» ақпарат