7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Жылдың тақырыбы – «Әділетті, дені сау әлем құрайық».
Мақсаты – барлық адамдар жасына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қажетті медициналық қызметтерді алу. Әлеуметтікмедициналықсақтандыруқорыныңміндеті де ұқсас – барлық азаматтарды медициналық көмекке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
«Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы жалпы сомасы 65,82 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 42,81 млрд теңге (65,04%) ТМКК берілген көлемі шеңберінде, 23,01 млрд теңге (34,96%) МӘМС қаржысы құрайды. Медициналық қызметтерді 59 денсаулық сақтау субъектісі көрсетеді, оның 29–ы – мемлекеттік, 30-ы – жеке меншік», – деді ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
2021 жыл мейірбике және акушерлік қызметтері жылы деп жарияланды. Қор филиалының ұжымы барлық дәрігерлерге маңызды және үздіксіз жұмысы үшін алғысын білдіреді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі