Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық орман шаруашылығы инспекциясының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы инспекциясының басшысы тағайындалды

Марат Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің келісіміне сәйкес Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы болып тағайындалды.
Марат Нұрмағамбетов 1965 жылы 16 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2014 жылдан бастап қызмет атқарады.

Марат Жалпақбайұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

kyzylorda-news.kz/kogam
09 сәуір 2021 ж. 1 404 0