Қаламыздың тазалығы – жанымыздың тазалығы

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері толықтай қатысып, көше бойларын күл-қоқыстан тазартты.
Сенбілік барысында ауданның барлық аумағы қамтылды. Тазалық жұмыстарына арнайы техникалар да жұмылдырылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
"Тазалық – саулық негізі" демекші дәл қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың сын көтермей тұрған тұсында санитарлық тазалық жұмыстарының маңызы арта түскені сөзсіз. Сондықтан барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық шарасына бір кісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін ажарландыра түсуге үлес қосуға шақырамыз!



