Сұлулық сыйлайтын салон

Салонда қазіргі таңда шаш, кірпік, макияж, маникюр мен косметологиядан барлығы 5 шебер жұмыс жасайды. Шеберлер белгілі бір себептермен жұмысқа келмесе, жас кәсіпкер олардың орнын алмастыра алады. Сондай-ақ, қызметкерлеріне ұдайы шеберлік сабағын өткізіп, біліктілігін арттыру мақсатында осы бағыттағы курстарға жіберіп отырады. Қаламыздағы №14 мектеп лицейді тәмамадаған соң, Орал және Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарын орыс тілінде бітірген Гүлдердің мамандығы қаржыгер. Десе де, қазіргі таңда «әйел затын сұлуландырсам» деген бала күнгі арманын орындап жүрген Г.Шокашева бізбен әңгімесінде:
– «Әйелдерге сұлулық сыйлау – бір ғанибет. Осы орайда, жеке ісімді дөңгелету үшін сұлулық салонын аштым. Айта кетерлік жайт, менің анам да, оның сіңлісі де шаштараз мамандығын игерген жандар. Жанашырларымның ұзақ жылдық тәжірибелеріүлкен қолдау болды. Әрі өзімнің де сұлулыққа жаным құмарлығының арқасында, кәсіп бастауда табандылық таныттым деп айта аламын. Оған кішкентай кезімнен алдыма қойған мақсатыма жетіп тынбайтын мінезім себеп болды.Егер бір нәрсеге қол жеткізгім келсе, оған жетпей қоймаймын. Қазір бірдеңе тындырдым, мен мынаны істедім дей алмаймын. Бәрін енді бастадым. Қандай жетістікке жететінім, алда не күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Мен жай ғана қолымнан келетініне сенемін. Бастамамыз жаман емес. Ал, кәсіпкерлік бағыттағы курстан өтуім, бұл менің алға қойған үлкен жобаммен тығыз байланысты. Яғни, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайтарымсыз грантты жеңіп алып, Қамыстыбас ауылынан үлкен сән салонын ашссам деген ниетім бар. Туризм саласы қарқынды дамып жатырған ауылдан неге жаңа технологиялармен жабдықталған, зәулім салон ашпасқа? Егер де аталмыш бағдарлама аясында қаражатқа қол жеткізссем, қарқынды жұмыс жасап, өзімді 5 жылдан кейін үлкен бизнес-леди ретінде көретін боламын,– деді.
Ішінің әсемдігі көз тартатын, барлық құрал-жабдықтары заманауи технологиямен жабдықталған, мұнтаздай таза ғимаратқа келушілер қатары қалың. Оның ішінде, маникюр, педикюр, шаш қию, бояу, бет әрлеу жұмыстары сапалы түрде жасалады.
С.Үсенқұлова.