Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәбит Пазилов: Қызылордада 19732 адам екпе салдырды

Сәбит Пазилов: Қызылордада 19732 адам екпе салдырды

Ақпан айынан бері облыста 19732 адам екпе салдырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.
Облыста 4798 адам коронавирус індетін жұқтырды. Соңғы тәулікте 35 дерек тіркелді. Инфекциялық және провизорлық стационарларда 3200-ге дейін төсек-орын дайын. 518 орын орталықтандырылған оттегімен қамтылған. Кеселмен күресу үшін облыстағы медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ИВЛ, 8 компьютерлік томограф және 66 рентген аппаратымен қамтылған. Аймағымызда 6 оттегі шығару станциялары бар. Сондай-ақ, 9 ПТР аппараты жұмысқа қосылған. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда.

«Бүгінде медициналық мекемелер мен дәріханалар қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектің 2 айға жететін қоры жасақталды. Жалпы, дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 488 млн. теңге қаржы бөлінді. Науқастарды белгіленген хаттамаға сәйкес емдеп жатырмыз. Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтыру көрсеткіші азайды. Қазір барынша сақтық шарасына мән беріп, ем-дом жүргізілуде», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

kyzylorda-news.kz​​​
19 сәуір 2021 ж. 442 0