Заманауи кешен халыққа қызмет көрсетуде

– Кәсіпкер болу әр адамның маңдайына жазылған несібе деп айта алмаймыз. Десек те, өз мүмкіндігіне сене білген, алға ұмтылған әр азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Көпке танымал тұлғалардың өмір жолдары бұған мысал. Ал, айталық, бизнес әлемінде емін-еркін кәсіптеніп, өз ісіңді нәсіп ету үшін не істемек керек? Әрине, үйренуден жалықпай, оқып-машықтанып, іздене отырып білім алу қажет. Сол алған біліміңді іске асыру жолында молтәжірибе жинақтап, алдыңа мақсат қоя білсең кәсібіңнен береке табарың сөзсіз. Осы тұрғыда жастарға айтарым, жалындаған жастық шақта өмірге жан-жақтылықпен қараған дұрыс. Оның ішінде, отбасылық бизнесті дамыту бұл ұрпағыңның алдындағы міндетің дер едім. Себебі, жаңа Қазақстанның әрбір тұрғыны бай-бақуатты өмір сүруі керек. Тек мемлекет берген мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе болғаны.
Света Үсенқұлова.