Облыстық байқауда жеңімпаз атанды
20 сәуір күні Шиелі аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында және 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай "Тұғырда тас мүсін емес,тарих тұр" атты қисса-дастандарды орындаушылардың облыстық байқауы болып өтті.
Байқауда Арал аудандық мәдениет орталығының "Нұртуған шайыр" үйірмесінің шәкірті Файзуллақызы Жансая ІІ орын иеленді. Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Үйірме жетекшісі Бейсова Гүлжамалға алғыс білдіреміз.
"Толқын" ақпарат