Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мұғалімдері жалақыны жаңа жүйе бойынша алады - Аймағамбетов

Ауыл мұғалімдері жалақыны жаңа жүйе бойынша алады - Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында ауыл мектептеріндегі мұғалімдер жаңа жүйе бойынша жалақы алатындарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймағамбетов атап өткендей, ауылда ерекше қажеттіліктері бар 58 мың бала арнайы көмекті қажет етеді. Ол үшін ауылда психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер мен түзету кабинеттерінің саны ұлғайтылып, қосымша кабинеттер ашылады.

2025 жылға қарай ауыл мектептерін білікті педагогтермен 100% қамтамасыз етуіміз қажет. Осы тұрғыда шағын жинақты мектептердің педагогтердің еңбекақысын төлеудің жаңа жалақасы жүйесіне көшуді жоспарлап отырмыз. 2021 жылдан бастап 18 сағаттық жүктемеден 16 сағаттық жүктемеге көшіп, 2024 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуіміз қажет, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі Үкіметтің онлайн отырысында.

Сонымен қатар ауылға жұмысқа келген қалада оқыған жас мамандарды ынталандыру үшін жұмысты өтеу мерзімін қысқарту, ауыл оқушылары үшін цифрлық репетитор жобасын енгізу қарастырылып отыр.

Еске сала кетейік, ауыл мектептерінің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар қабылданып жатқанын айтты. Одан бөлек, ауыл оқушыларының тек 40%-ы қосымша біліммен қамтылғанын жеткізді.
matritca.kz
23 сәуір 2021 ж. 301 0