Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары өңірге байланысты 3,8-ден 17,5%-ға дейін төмендетілді және осы уақытқа дейін көтерілген жоқ, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағасы жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алынатын газ бағаларынан, газды тасымалдау және газды жерасты қоймасында сақтау шығыстарынан, сонымен қатар рентабельділік нормасынан тұрады. Сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газдың шекті бағалары газдың өзіндік құнынан тұрады - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ішкі нарықта тауарлық газға бекітілген шекті көтерме сауда бағалары жеткізілетін газдың өзіндік құнынан төмен екендігін атап өткен жөн. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағаларын өңірге байланысты 3,8-ден 17,5%-ға дейін төмендетті және осы уақытқа дейін көтерген жоқ.

Бекітілген шекті көтерме сауда бағалары газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ үшін шығынды болып табылады. 2015-2020 жылдар аралығында Ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялау шығындары шамамен 425 млрд теңгені, оның ішінде тек соңғы екі жыл ішіндегі (2019-2020жж.) шығындар сомасы 225,6 млрд теңгені құрады. Осылайша, тауарлық газдың ағымдағы бағаларын Ұлттық оператор субсидиялайды.

Осы мәжбүрлі қолдау шарасы газ саласын тұрақты дамытудың тежеуші факторы болып табылады.

Республиканы ішкі газбен жабдықтау жүзеге асырылатын негізгі магистральдар кеңес уақытында салынды, белгіленген ресурстарын өтеді және өте тозған. Ұлттық оператордың ақпараты бойынша, тек соңғы бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінде шамамен 67 мың ақау анықталып, бүгінгі күні оның тек 9 мыңы жойылды - делінген министрлік ақпаратында.

Аталған жағдай елдің газ тасымалдау жүйесін қалпына келтіру және дамытуға қажет тарифтерді өсіруге жол бермей ұстап тұру салдарынан қалыптасты. Бұл нәтижесінде шектік ақаулар санының ұлғаюына және газ тасымалдау инфрақұрылымы апаттылығының жоғары тәуекелінің сақталуына әкеп соғады.

Осылайша, газ тарифтерін ұстап тұру немесе төмендету келешекте еліміздегі түрлі залалға әкеп соғуы мүмкін.

Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағаларын, оның ішінде тауарлық газды сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларын бекітуді жоспарлайды. Жоғарыда жазылғанның негізінде, тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағасын 15%-ға дейін ұлғайтуды көздейтін бұйрық жобасы дайындалды. Бұйрық «Атамекен» ұлттық палатасы мен мемлекеттік органдарда жария талқылауда - дейді министрлік.

28 сәуір 2021 ж. 433 0