Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

ҚХА-ның XXIX сессиясын жариялау үшін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында баспасөз орталығы жұмыс істеп тұр.
28 сәуір 2021 ж. 475 0