Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 30 жылдығымен құттықтаймыз!

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 30 жылдығымен құттықтаймыз!

Бүгін ақпарат айдынында өзіндік орны бар, талай биікті бағындырған Қызылорда облыстық телеарнасының алғаш рет эфир таратқан күні. Осыдан тура 30 жыл бұрын 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамырда қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.
Телеарна ашылуының басы-қасында сол кезде облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі», алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефанов болды. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды. Осылайша олардың 30 жылдық тарихтың алғашқы парағында есімдері алтын әріппен жазылып қалды.
Жыл өткен сайын хабар тарату ауқымы, материалдық базасы ұлғая түскен телеарна бүгінде мыңдаған тұрақты көрермендерінің көңілінен шығып, «Қазақстан-Қызылорда»телеарнасы республикада алғашқылардың бірі ретінде облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.
Айта кетейік, былтыр 2020 жылы елдегі ахуалдың қиындығына қарамастан Арал аудандық "Толқын" газетінің 90 жылдық мерейтойын эфирге шығарып, газетті елге насихаттап, көрермендері арқылы көпшілікке таратты. Бұл әріптестерге деген адалдықтың айқын көрінісі еді. Мерейтой қарсаңында Сіздерге шығармашылық табыс, журналистік жетістік, жемісті еңбек тілейміз! Осынау 91 жылдық тарихы бар айдынды Аралдың төл газеті – "Толқынның" алғаусыз ақ тілегін қабыл алыңыздар!
Ізгі ниетпен: "Толқындықтар"
30 сәуір 2021 ж. 595 0