Қызылорданың 26 оқушысы республикалық олимпиадада жүлдегер атанды
 Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталып, білім сынағынан Сыр елінің 26 оқушысы жеңімпаз атанды.
Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталып, білім сынағынан Сыр елінің 26 оқушысы жеңімпаз атанды.Олимпиадаға жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 13 пән бойынша қатысқан 56 оқушының ішінен 26-сы топ жарып, 1 бала – алтын, 12 бала – күміс, 14 бала – қоламен марапатталды.
«Бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» форматы бойынша «USTUDY» тестілеу орталығы өткен білім сынағында Қызылорда өңірі облыстар бойынша 7 орынға шықты. Олимпиадада облыстан 10 оқушы жеке логин паролі арқылы апелляцияға өтініш беріп, нәтижесінде 5 балаға қосымша балл қосылды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік 100 мектеп» анықталды. Үздіктер қатарында облыстан 3 білім ордасы енгізілді. Олар – №9 Білім инновация лицейі, №10 Білім инновация лицейі, Қазалы ауданынан №249 мектебі.
kyzylorda-news.kz






 
		 
		



