Аралқұм ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Жанназаров Кенжебек Сахиұлы - 1968 жылы 30 сәуірде Қазалы ауданы, Майдакөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2008 жылы «Қ.Жұбанов» атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 1985 жылы Жаңақұрылыс кеңшарында трактористі болып бастаған.
1985-1986 жылдары Жаңақұрылыс кеңшарында ауылдық клуб меңгерушісі;
1992-1995 жылдары «Жаңақұрылыс» жалгерлік шаруашылығында техник-ұрықтандырушы;
2005-2009 жылдары «Жаңақұрылыс» селолық тұтынушылар кооперативінің төрағасы;
2009-2013 жылдары Сапақ ауылдық округінің әкімі;
2013-2017 жылдары Аманөткел ауылдық округінің әкімі;
2017 жылдың 7 тамызынан бастап осы кезге дейін Құланды ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
Жалпы еңбек өтілі - 26 жыл.
Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 12 жыл.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.
"Толқын" ақпарат