Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапақ ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Сапақ ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

Күні кеше аудан әкімі Мухтар Оразбаев ауданға қарасты Сапақ ауылдық округінде жұмыс сапарымен болып, ауыл үлкендерімен бас қосты. Басқосу барысында аудан басшысы Сапақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы негізінде тағайындалған Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 36-1-бабына сәйкес аудан әкімінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 289-Ө/жқ санды өкімімен Сапақ ауылдық округінің әкімі лауазымына Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлы тағайындалды.

Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлы - 1965 жылы 22 шілдеде Арал ауданы, Аралсульфат елді мекенінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1991 жылы Рудный Индустриалдық институтын «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Қазалы ауданына қарасты совхозда тас қалаушы болып бастаған.

1987-1991 жылдары «Кызылорда су құрылысы» мекемесінде тас қалаушы, 3 санаттағы тас қалаушы;

1991-1997 жылдары «Аралсоль» комбинатында шебер;

1998-2003 жылдары «Т. Жалгасбеков» май құю бекетінің директоры;

2003-2004 жылдары Арал қаласының әкімі;

2004-2009 жылдары «Т. Жалгасбеков» май құю бекетінің аға операторы;

2009-2019 жылдары "Қазмұнайгазөнімдері" АҚ Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша филиалының еңбекті қорғау шебері;

2019 жылдың 18 наурызынан бастап осы кезге дейін "Петро Ретайл" ЖШС Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша филиалының шебері қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 25 наурызынан бастап осы кезге дейін алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихатының депутаты.

Жалпы еңбек өтілі - 33 жыл.
Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 5 жыл.

30 желтоқсан 2020 ж. 516 0