Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Ораза айты – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке

Гүлшара Әбдіқалықова: Ораза айты – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Адамзат баласын адамгершілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айты – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке.
Отыз күн ұстаған оразаларыңыз, тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Ораза айт күні мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созу, жақын-жуығын қуанышқа бөлеу – ең сауапты іс. Бұл игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.
Әр шаңыраққа амандық, құт-береке тілеймін!
Еліміз тыныш, халқымыз бейбіт болсын!
Ораза айт құтты болсын!», – делінген аймақ басшысының әлеуметтік желідегі жазбасында.

kyzylorda-news.kz
13 мамыр 2021 ж. 527 0