Аудан әкімі жол белгілерін жаңарту жұмыстарын бақылады

Автомобиль жолдарының жүріс бөлігіне сызба жолақтарын таңбалау жұмыстарына куә болған аудан басшысы жауапты мекемеге сызбалардың қалың әрі сапалы сызылуын қатаң назарда ұстауды ескертті.
Одан әрі теміржол вокзалының маңы, орталық алаңдар мен қаланың басты көшелерін абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын аралап көрді.
Қала көркінің ажарын айшықтай түсетін көгалдандыру жұмыстарын қолға алған жұмысшылармен кездескен аудан әкімі жасыл желектерді уақытылы күтіп-баптауды тапсырды.