Жақсықылыш кентінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Өткен жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жақсықылыш кентінің 8,85 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Биылғы жылы кентішілік жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Жақсықылыш кентіне барып, жұмыс барысымен танысты.
Мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан басшысы салынып жатқан жолдың барлық талаптарға сай болуы қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жауапты мамандарға жолдың сапалы төселуі мен уақытылы пайдалануға берілуін қатаң тапсырды.
Атап өтейік, аталған жұмыстарды мердігер «Арал құрылысы» ЖШС мекемесі жүргізуде. Өткен жылы кенттегі 17 көшенің 3-еуі жөндеуден өтсе, биыл толықтай аяқталады деп күтілуде.
"Толқын" ақпарат