Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Құжатта Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылатындығы айтылған.
«Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін», делінген қаулыда.