Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан вакцинация паспортын тану жөнінде 3 елмен келісім жасады

Қазақстан вакцинация паспортын тану жөнінде 3 елмен келісім жасады

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын өзара тану жөнінде бірқатар елмен келіссөз жүргізуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда әр мемлекет үшін өзінің вакцинация паспортының басқа елдерде танылуы өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Пандемия жаңа әлемдік міндеттерді алға қойды. Оларды шешу жедел іс-қимылды талап етеді. Сол себепті Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, бірқатар мемлекетпен вакцинация паспорттарын өзара тану мәселесін пысықтауда. Келіссөздерді жүргізудің нәтижесінде тізімге алғашқы болып Венгрия, Таиланд және Моңғолия сияқты үш ел енді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Аталмыш тізімдегі елдердің қатары ұлғая береді деп үміттенеміз», делінген комитет хабарламасында.
12 маусым 2021 ж. 397 0