Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Субсидиялау төңірегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Субсидиялау төңірегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды

Кеше әкімдіктің мәжіліс залында аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласындағы өнім өндірушілерін субсидиялау мәселесі және осы бағыттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жергілікті әкімдік тарапынан шаруашылықтарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде аудандағы шаруа қожалықтарының төрағалары мен жеке кәсіпкерлерінің басын қосқан арнайы кездесу өткізлді.

Кездесуге ауданымызға арнайы іссапармен келген облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Қанат Қожахметов және бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова, Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов қатысты.

Басқосу барысында Қ.Қожахметов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының күшейтілгенін, ол үшін бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтті. Одан әрі Агенттік басшысының бірінші орынбасары Ғ.Әлімқұлова қабылданған заңнамалық шараларға кеңінен тоқталып, Агенттіңтің бастамасымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталғаны туралы хабардар етті. Аталған талдау аймағымызда шілде айында басталатынын назарға ұсынып, жемқорлық көріністерін жою мақсатында барлық қатысушыларды талдауға қатысуға шақырды.

Мұнан соң аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов аудандағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму барысы жөнінде хабарлама жасап, негізгі көрсеткіштерге тоқталды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім өндірушілерін субсидиялау мәселесі және осы бағыттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жиын барысында аудандағы шаруа қожалықтарының төрағалары өздерін толғандырған мәселелерде ортаға салып, субсидиалау шарасына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу қорытындысымен мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов бұл тақырыптың өзектілігін айта келе, жиында аталған ұсыныстар ескеріліп, жинақталып парламенттің қарауына міндетті түрде жолданатындығын жеткізді.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

29 маусым 2021 ж. 260 0