Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Вакцина қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы" - Тоқаев

"Вакцина қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы" - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, елорда тұрғындары вакцинация науқанының флагманы ретінде әрекет етуі керек.
“Астана күнін адамдарды қолдау және шабыттандыру үшін - бірліктің күшін, өзара көмек көрсетудің маңыздылығын және ортақ іске әркімнің қосқан үлесінің құндылығын еске салу үшін қолдану керек. Елорда тұрғындары - вакцинация науқанының флагманы, шектеу шараларын сақтауы керек. Жалпыға бірдей вакцинация қалыпты өмірді қалпына келтірудің және адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз әдісі екенін жақсы түсіну керек”, - деді ол Мемлекеттік туды көтеру рәсімі кезінде.
Президент "Біз біргеміз!" ұраны өлімге алып келетін инфекциямен күрестегі жеңіс формуласы болатынына сенімді.

stan.kz
04 шілде 2021 ж. 213 0