Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында түйе ауруы көбейіп барады

Қызылорда облысында түйе ауруы көбейіп барады

Қызылорда облысы Арал ауданында «Некробактериоз» болжамды індетіне шалдыққан түйелер саны 24-ке жетті. Мамандар соңғы күндері табаны ісіп немесе түсіп жатқан Ойсылқара тұқымы тіркелмегенін айтады. 

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, түйелердің табаны түсу дерегі осыдан 20 күн бұрын алғаш рет Арал ауданының Жақсықылыш ауылында тіркелген. 
Мұнда ауылдан 30-40 шақырым жерде орналасқан 3 шаруа қожалықтың 12 бас түйесі араға бірнеше күн салып бірінен соң бірі ауыра бастаған. Ветеринар мамандар ашатұяқтылар арасындағы мұндай аурудың бар екенін білгенмен, тәжіребие жүзінде алғаш рет кезігіп отқанын айтады. Ауыл тұрғындары түліктерінің бактериалық ауруға шалдығуын қуаңшылық жағдайымен байланыстырып отыр. 
Көк болмағасын, мал көгін ала алмайды. Қандары толықпайды. Биыл бұлар бойына керек дәрумендерді ала алған жоқ. Ертең осы ала алмаған күйімен қысқа түседі. Сосын көтерем болып, жатып қалуы да мүмкін. Қыс жіберсе, қара суық деген бар біздің жерде - дейді Оразғали Сарымсақов есімді Жақсықылыш ауылының тұрғыны.
Ауырған түйелердің 14-і бүгінде сауығып, қайта өріске қосылыпты. Қалғанына мал иелерінің қаржысы есебінен емшара жасалуда. 
Негізінен болжамды «Некробактериозға» шалдықққан түйелер Жақсықылыш, Аққұм және Қарақұм ауылдарының маңындағы шаруа қожалықтардан анықталған.
Аққұм ауылдық округінде 2 бас түйе, қазір өріске қосылып кетті, қазір 1 бас түйе бақылауда тұр. Сосын қарақұмдағы 8 бас түйе бақылауда тұр. Антибиотиктерімізде салып, тазартқаннан соң нәтиже бергеннен кейін, біз сол емді пайдаланып кеттік - дейді Арал аудандық ветеринария станциясының директоры Қалыбай Жұмашев.
Мал иелері дәрі-дәрмекті өздері сатып алғанмен, ветеринар мамандар ем шараларын тегін жүргізіп, көмек беруде. Сондай-ақ ауру белгілері бар түйелерден сынамалар алынып, арнайы зертханаларға жолданған. Алдағы күндері түйелерді табансыз қалдырған кеселдің нақты диагнозы белгілі болмақ.

baq.kz
11 шілде 2021 ж. 309 0