Су шаруашылығы жұмысы қолға алынуда

Ағымдағы жылдың 12-15 шілдесінде мамандар бірлесіп, Шардара су қоймасына түсіп жатқан, су қоймасынан өзеннің төменгі ағысына жіберіліп жатқан су көлемін нақтылау мақсатында су өлшеу, мониторинг жасау жұмыстарын жүргізіп, тиісті шешімдер қабылдады.
Қазіргі таңда Көкбұлақ су бекетінен Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі секундына 55 текше метр және Келес өзенінен түсіп жатқан су көлемі секундына 6 текше метр. Шардара су қоймасындағы су көлемі 2485 млн. текше метр, Шардара су қоймасынан Сырдария өзенімен жіберіліп жатқан су көлемі секундына 550 текше метр. Қызылорда облысы шекарасына келген су көлемі секундына 540 текше метр.
Болжамды жұмыс кестесіне сәйкес, төменгі ағысқа жіберілетін су көлемін нақтылау мақсатында Арал Сырдария бассейндік инспекциясы тиісті мамандармен бірге алдағы уақытта су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жұмыстарын жалғастыратын болады.



