Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағашта пробация қызметі есебіндегілер Арал ауданына көмек көрсетті

Жалағашта пробация қызметі есебіндегілер Арал ауданына көмек көрсетті

Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар Арал ауданына көмек көрсетті.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, күш біріктірген пробация есебіндегі азаматтар «Аралға көмек» бағытындағы шөп оруға қатысып, аудандағы ағайындарға қол көмегін беруді ұйғарды.
Биылғы жылдың 16 шілдесінде Жалағаш ауданындағы «Бозтай би» атауындағы күріш алқаптарының жағалауынан Арал ауданы, Аралқұм ауылына бір камаз толығымен мал азығы үшін шөп тиеп жөнелтті.
Сонымен қатар, сотталған азаматтарға елдегі ахуалды түсіндіре отырып, мұсылман қауымының қасиетті мерекесі «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мүмкіндіктеріне қарай жәрдемдесуге ниет білдіруде.
Есептегі сотталғандар атқарған жұмыстарын басқа да азаматтарға кеңінен айтып, алдағы уақытта игі істер атқару үшін бірлесуге шақырды.

kyzylorda-news.kz
22 шілде 2021 ж. 272 0