Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр. Бір жылда ол 11 млрд долларға көбейген, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде еліміздің шетке берешегі 164,1 млрд долларға жеткен. 2020 жылы көрсеткіш 152 млрд доллар шамасында болды.
Енді осы борышты мемлекеттерге бөліп қарасақ, Қазақстан Нидерландқа – 44,3 млрд доллар, Британияға – 22,6 млрд, Америка Құрама Штаттарына 13 жарым млрд доллар берешек.
Бұдан бөлек Бермуд аралдарынан алған қарыз көлемі биыл – 31,1 пайызға, халықаралық ұйымдардан – 17,3 пайызға, Ресей мен Франциядан алған қарыз 5,7 және 2,6 пайызға өскен.

baq.kz
23 шілде 2021 ж. 238 0