Қызылордада ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

– Облыс бойынша 54 сайлау учаскескесінде дауыс беру өтіп жатыр. Оған 304 комиссия мүшесі тартылған. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы азаңғы сағат 06.00 де ашылып тиісті хаттамаларын жасады.Жергілікті уақыт сағат 07.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін комиссия мүшелері сайлаушыларға сайлау бюллетеньдерін береді. Ал сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады,-деді Ғалым Қонақбайұлы.