Ғалым Баймырзаев: Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кірісті
Нәтижесінде өңірде мәслихат депутаттығына 379 кандидат тіркелді. Сондай-ақ, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
kyzylorda-news.kz«Мәслихат депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «ҚР сайлау туралы» заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, үміткерлер ресми түрде үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Айта кетейін, додаға 5 партия түсуде. Партиялық тізім бойынша депутаттыққа үміткер ретінде 379 кандидат тіркелді. Сонымен қатар, кандидат пен оның зайыбының декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру мемлекеттік кіріс органына жолданды», – деді облыстық сайлау төрағасы.