Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Түске қатаң талап жоқ». Биыл мектепке не киюге болады?

«Түске қатаң талап жоқ». Биыл мектепке не киюге болады?

Ата-аналарының қалауы бойынша шалбар немесе белдемше түсі қою көк, қою жасыл, қара бола алады.
Бұл туралы Orda.kz Informburo-ға сілтеме жасап хабарлады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы жылы мектеп формасы қандай болу керектігін түсіндірді.
Алматы тұрғындары қала мектептерінің бірінде оқушыларға арналған киімнің түсіне талаптар қойылғанына шағым түсірді.  
– Мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды: қара көк шалбар (юбка), жилет немесе күрте, ақ жейде (блузка), классикалық қара түсті аяқ киім.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева киімнің түсіне қатаң талаптар қойылмайтынын айтты. Шалбар немесе юбка қою көк, қою жасыл, қара болуы керек – оқушылар мен ата -аналардың қалауы бойынша.
– Келесі оқу жылындағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, классикалық стильде ыңғайлы киіммен мектептерге баруға рұқсат етіледі. Классикалық стиль таңдау кезінде қатаңдықпен, ұстамдылықпен және консерватизммен сипатталады. Үсті ақ және төмен жағы қара түсті болса, болғаны, – деді Мөлдір Әбдуалиева.
Еске салсақ, 3 тамызда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағабетов келесі оқу жылында балалардың мектепке формамен ғана емес, классикалық үлгідегі киіммен де бара алатынын айтты.
Оған отандық форманы өндірушілер наразылық білдірді.

kaz.orda.kz
05 тамыз 2021 ж. 614 0