Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитарлық штаб отырысы өтті

Санитарлық штаб отырысы өтті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жөнінде штаб отырысы өтті.

Штаб отырысына барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

Күн тәртібінде санитарлық тазалық жұмыстарының барысы қаралды.

Алдымен Арал қаласының әкімі Амантай Тасқынбаев өз баяндамасында қала тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындарға рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Одан соң аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Шегебаев Нұрбек тазалық сақтамаған тұрғындарға ескерту жасау, айыппұл салу сынды жұмыстардың атқарылу барысын айтып өтті. Сонымен қатар, бейнекамералар арқылы жұмыс жүргізудің тиімді екендігіне тоқталды.

Жиын соңында аудан басшысы табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау баршаға ортақ міндет екендігін, бұл үшін тұрғындардың жауапкершілігін ояту қажет екендігін айтып өтті.
Тазалық мәселесіне бір кісідей атсалысып, жанашырлықпен қарауға шақырып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

07 тамыз 2021 ж. 401 0