Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID - 1 9 : Штаб отырысы өтті

COVID - 1 9 : Штаб отырысы өтті

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі аудандық штабтың отырысы өткізілді.
Штаб отырысның күн тәртібінде коронавирус індетіне қарсы вакциналау мәселесі қаралды.
Аталған мәселе жөнінде аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов қазіргі таңда ауданда екпе қабылдағандар саны 6886 адамды құрап, егілгендер арасында ауыр асқынулар тіркелмегендігін жеткізді.
Осы орайда аудан басшысы бұл көрсеткіш аудан аумағында ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қауқарсыз екендігін алға тартып, ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша эпидахуалдың тұрақталатынына ешқандай кепілдік жоқ екендігін атап өтті.
Одан әрі штаб отырысына «zoom» платформасы арқылы қатысып отырған кент, ауылдық округ әкімдері күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Соның ішінде халық саны басым қала, кент бойынша вакциналау шарасы мардымсыз екендігін сынға алған аудан басшысы ахуалды әрі қарай тұрақтандыру үшін халықты індеттен арашалау бағытында екпенің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізу қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар адамдар көп жиналатын жерлерде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, базарларда, вокзалдарда, сондай-ақ жазғы кезеңді ескере отырып, саябақтар мен алаңдарда санитарлық талаптардың сақталуына аса мән беру керектігін ескертті.
Жиын соңында Серік Сағитжанұлы тағы да азаматтарды КВИ-ның таралуына жол бермеу мақсатында барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Атап өту қажет, бүгінде ауданда індетке шалдыққандардың саны 135-ке жетті. Қазіргі таңда аудандағы провизорлық стационарда 7 науқас ем алып жатқан болса, үй карантиніндегі 2 адам бақылауда.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
09 маусым 2021 ж. 469 0