Аралда 8 адамнан коронавирус анықталды

Жиында аудан әкімі М.Оразбаев бүгінгі ахуалдың көңіл көншітпейтіндігін айта келіп, вирус жұқтырғандардың саны сегізге жеткендігін мәлімдеді.
– Ауданда соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны 8-ге жетті. Оның үшеуі Сексеуіл кентінің тұрғындары болса, қалған науқастар Арал қаласынан анықталды. Бұл – санитарлық талаптарды күшейту керек деген сөз, – деді аудан басшысы.
Сонымен қоса санитарлық шараларды қатаң сақтауды қадағалау жөнінде мабильді топтың жұмысын күшейтуді тапсырып, сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Н. Марат