Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Мәжіліске комиссия мүшелері, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, кент әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қатыстырылды.
Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша, яғни, жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталу барысы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д.Ниязымбетов баяндама жасады. Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сексеуіл кентінің әкімі С.Төрешовтың баяндамасы тыңдалды.

Жыл басынан бері жер қатынастары саласына қатысты келіп түскен арыздардың саны күннен күнге артып отырғанын тілге тиек еткен аудан басшысы бұл салада орын алған бірқатар кемшіліктерді ортаға салды. Осы орайда бірқатар қателіктерге бой алдырған қала әкімдігі мен Сексуіл кенті әкімдігінің қызметін сынға алды.

Одан әрі комиссия отырысында қаралған екінші мәселе – жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев хабарлады. Хабарламада атап өтілгендей мемлекеттік қызмет көрсету бағытында да жүйелі жұмыстарды тұрақты жүргізу маңызды болып қала бермек.
Жиын барысында қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі жеке және заңды тұлғаларға жер табыстау кезінде жалпы заңдылықтың бұзылмауын ескерте келе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау, мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыруды және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес аудан аумағындағы осы уақытқа дейін табысталған жер учаскелерінің игерілуіне және мақсатты пайдаланылуына тоқсан сайын мониторинг жүргізу керектігі жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлылық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
25 тамыз 2020 ж. 688 0