Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 200 өкімімен Арал ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымына Сүлейменов Талғат Райғаниұлы тағайындалды.

Талғат Райғаниұлы - 1966 жылы 16 қаңтарда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1989 жылы М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын «тарих және педагогика» және 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Ғылыми дәрежесi - өңірлік даму магистрі.

1984-1986 жылдары Латвия және Литва мемлекеттерінде Кеңес Армиясы әскери-әуе күштері қатарында әскери борышын өтеген /әскер шендері: жауынгер, кіші сержант, сержант, атқыштар бөлімшесінің командирі/.

Еңбек жолын, 1989 - 2001 жылдары Н.К. Крупская атындағы № 14 мектеп - лицейінде тарих пәнінің мұғалімі;

2001 - 2010 жылдары Арал аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2011 - 2012 жылдары Қызылорда облыстық оқу орталығының кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі;

2012 - 2014 жылдары Арал гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері;

2014 - 2016 жылдары Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері;

2016 - 2017 жылдары Ақтөбе облыстық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің маманы;

2017 жылдан осы кезге дейін Ақтөбе облыстық білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіруде.

Жалпы еңбек өтілі - 31 жыл.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 14 жыл.

10 тамыз 2021 ж. 196 0