Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 196 өкімімен Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Махатов Бауыржан Ібрашұлы тағайындалды.

Бауыржан Ібрашұлы - 1969 жылы 10 шілдеде Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «тарих және құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 1987-1992 жылдары Арал қаласындағы кәсіпорында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

1992-2015 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, жетекші маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;

2015-2016 жылдары Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі;
2016-2020 жылдары Арал қаласының әкімі;

2020 жылдың 14 тамызынан осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 28 жыл.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

02 тамыз 2021 ж. 278 0