Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында модульдік стационар іске қосылды

Қызылорда облысында модульдік стационар іске қосылды

Қызылорда облысында модульдік стационар жұмысы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында індет жұқтырған 12 784 адам тіркеліп, соның ішінде 9 828 науқас жазылды. Пневмониямен ауырған 1867 науқастың 1580-і емделіп шықты.
Осы жылдың маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін арттырылды. Ал реанимациялық төсек-орын 90-нан 172-ге дейін көбейтілді. Қазіргі жүктеме 55 пайызды құрап отыр.
Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар ашылып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдау басталды. Стационарда режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Қажетті дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құралдар жабдықталды.
Өңірде 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда.
Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 61,4% вакциналанды. Қыркүйек айында көрсеткіш 85% орындалады деп жоспарлануда. Вакцинациялау жұмыстары облыс бойынша 106 егу кабинетінде жүргізілуде, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Облыста «Ashyq» жобасы арқылы 2749 нысан жұмыс жасауда.
12 тамыз 2021 ж. 274 0