1 қазан Радио күні болып жарияланды
Бүгін, 2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған болатын.
Осы тарихи негізді алға тарта отыра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.
Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда.