Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаты шаруа қожалық өкілдерінің мәселесін тыңдады

Сенат депутаты шаруа қожалық өкілдерінің мәселесін тыңдады

Қазіргі таңда Арал өңірі үшін қуаңшылық мәселесі күн тәртібінен түспей тұрғаны белгілі. Соған сәйкес ауданымызға ат басын бұрған Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы ең алдымен ауданда мал шаруашылығымен айналысып отырған бірқатар шаруа қожалық төрағаларымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бірінші аудан шаруаларының көкейіндегі мәселелер тыңдалды. Мәселен, "Берекет" ШҚ-ның төрағасы Күнтуар Жайназаров пен "Несібе" ШҚ-ның төрағасы Файзулла Қайруллаев мал азығына мемлекет тарапынан берілетін субсидия мәселесінде ауданға жеңілдіктер қарастырылса деген ұсыныстарын жеткізді. Ал, "Қамқор тұтыну" ЖШС-нің директоры Зағаладин Өтенов аудандағы нан бағасының тұрақтылығын сақтап тұру үшін жоғары сұрыпты ұн бағасын барынша бірқалыпты сақтап тұруға билік тарапынан ықпал болса деген ұсынысын атап өтті. Сонымен қатар басқосу барысында аудан үшін су ұңғымалары мен құдықтардың маңызы зор екендігі де айтылды.

Көтерілген мәселелерге жекелей мән беріп, талдап өткен Сенат депутаты республикалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелер бойынша Парламентке ұсыныстар жасайтынын жеткізді. Бұдан бөлек өзге мемлекеттердегі тәжрибелерді мысалға ала отырып, қазіргідей мал басына қауіпті кезеңде тығырықтан шығу үшін мал басын сақтандыру жұмысына мейлінше мән беруге шақырды.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

21 тамыз 2021 ж. 349 0