Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қолдау шаралары талданды

Мемлекеттік қолдау шаралары талданды

Кеше аудан əкімінің орынбасары Еркін Əбішев аудандағы бірқатар шаруа қожалық төрағаларымен кездесіп, ауыл шаруашылық бағытындағы өзекті мəселелерді талқылады.

Нақтырақ айтқанда, кездесу барысында шаруа қожалық иелері үшін маңызды мал басына төленетін мемлекеттік субсидия мəселесі, ветеринариялық қызметтер жəне мал азығын дайындайтын сервистік орталықтар құру бағытындағы шаралар кеңінен талданып, жүзеге асырылу жолдарын қарастыру жөнінде ұсыныстар тыңдалды. Бұдан бөлек, шабындық жерлерді суландыру мəселесі талданды.

Айта кетейік, ауданда қазіргі таңда 434 шаруа қожалық болса, өткен жылы соның 68-і мемлекеттік қолдауға өтініш білдірген болатын. Нəтижесімен 28 қожалық көмекке қол жеткізсе, 40 шаруашылық резервке қойылып, мал басына бөлінетін субсидияларын алдағы аптада алу жоспарлануда. Ал, биыл ветеринариялық есеп бойынша ақпараттық жүйеге 30-дан асатын ірі-қара малын тіркеген 244 шаруа қожалық мемлекеттік қолдауға (субсидия) өтініш беруге мүмкіндігі бар.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 тамыз 2021 ж. 294 0