Құран хатым оқылды

Облысымыздың орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өткен сауапты шараға облыстың бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қатысып, Құран хатым дұғасын жасады. Қасиетті Құран аяттарынан болған сауапты марқұмдардың рухына бағыштап, жапа шеккендерге сабыр, елімізге тыныштық тілеп дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша баспасөз қызметі