Жастардың жаңа жобасы бастау алды
Кеше аудандық "Jas Otan" ЖҚ бөлімшесі белсенді жастармен "Jas Otan Cases" жобасы аясында қаладағы блогер Abushka Aidanaмен кездесу өткізді.
Кездесу аясында жастар спикерге блогер болу арқылы танымал болу мен оған келудегі мақсаты жөнінде өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, пікірлесті. Бұл жоба жастардың көңілінен шықты.
Әлеуметтік желілердің ішінде бүгінде үлкен танылмалдыққа ие болып тұрғаны – Instagram. Бұл желінің іші күнделікті жаңалықтарға толы. Сол себепті жобаға қатысушы жастар да жоба аясында көп нәрсеге қанықты.
Айдана көршілікке қолжетімді ақпаратты жариялай отырып, хат алмасу арқылы қажетті ақпаратты дер кезінде алуға, бизнес жүргізуге мүмкіндік бар екенін айтып өтті. Әр адамның өмірлік ұстанымы бар екенін, соған сәйкес күнделікті жұмысымен қатар уақытты тиімді пайдалана отырып, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын айтып, жобаға қатысушылармен ой бөлісті.
Белсенді жастардың қатысуымен өткен бұл жоба әлі де жалғасын табатын болады.
Ержан ӘДІЛЖАНҰЛЫ,
"Jas Otan" ЖҚ бөлімшесінің басшысы.