Ана тіліміздің болашағы жарқын

XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген еді. Еліміз тәуелсіздік жолының отызыншы жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иық тіресер кезеңде тіліміздің де тұғыры биіктей түсті. Жуырда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» деген болатын. Осыдан-ақ, ана тіліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел екендігін аңғаруға болады.
Мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз еліміздің елдігін айғақтайтын тіліміздің тұғыры биік болсын дегім келеді.
Орталықтың Арал ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы - Назерке БАҚЫРАДИНОВА