Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдеріне тапсырма берді
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты. Оның айтуынша, инфекциялық ауруханалар мен жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 35%-ға дейін төмендеген көрінеді.
Өңірлердің «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысуы ұлғайған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары қазіргі таңда «сары» аймақта. Түркістан облысы – «жасыл» аймақта қалып отыр.
Қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның І компонентін, 6 млн-ға жуық адам екпенің ІІ компонентін алды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациямен қамту жұмыстарын күшейтсін. Қазіргі басты міндетіміз – «қызыл аймақтағы» өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жеткізу, - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ ол жағдайдың тұрақтануы үшін қандай шаралар қажеттігін де алға тартты.
Ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ерекше бақылауда болуы керек. Жаңа оқу жылының басқарғанын ескерсек, білім беру ұйымдарының санитарлық нормаларын сақтауын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Ералы Тоғжановқа (ҚР Премьер-министрдің орынбасары – ред.) жалпы бақылауды тапсырамын, - деп атап өтті Асқар Мамин.
baq.kz