Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

Жұма намазы енді мешіт ішінде оқылады

27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады.
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.
«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50 проценттен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.
Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып жүр.

kyzylorda-news.kz
21 қыркүйек 2021 ж. 403 0