Астанада бірінші дәрежелі құрылыс қадағалау инженері

-Құрылыс—экономиканың негізгі діңгегі болып табылады. Кейінгі жылдары республикамызда құрылыс саласы қарқынды дамуда. Құрылыс индустриясы–экономиканың негізгі іргетасы болғандықтан, кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді. Десек те, осы ауқымды саланы жандандырып, алға жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен. Олар қазіргі заманға сай іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына айтарлықтай еңбек сіңіруде. Құрылысшылар өмірге деген белсенді қөзқарастағы жандар болғандықтан, олардың кәсіпқойлықтары мен шеберліктерінің арқасында жаңа үйлер, мектептер, аурухана, жолдар салынып жатыр. Сол үшін де олардың әрбір жасаған істері мақтауға тұрарлық–деп, ауданымыздағы барша құрылысшылар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Света Үсенқұлова.