Үкімет басшысы эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды жалғастыру қажет.
Елімізде эпиджағдай жақсарып келеді. Барлық өңірде вирус жұқтыру дерегі төмендеген. Дегенмен, «қызыл» аймақта Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстары тұр, - деп атап өтті Асқар Мамин.
Үкімет басшысының хабарлауынша, эпиджағжайды бақылауда ұстау керектігін, атап айтқанда, халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медициналық ұйымдардың тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету қажет, — деді Министрлер кабинетінің басшысы.
Сондай-ақ Премьер-министр күзде көбірек таралатын тұмау және басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті.
baq.kz